🇰🇿 Төлеби ауданында өндіріс саласы қарқынды дамып, инвестициялық жобалар саны артып келеді. Жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы мен өндіріс көлемінің ұлғаюы – өңір экономикасының тұрақты өсімін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Бұл үрдіс халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты істермен жалғасуда.


✅ 2025 жылы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын «KazPlast» ЖШС-нің «Дана» тігін фабрикасы жаңа ғимаратқа көшіп, өндіріс ауқымын кеңейтті. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кәсіпорын жылына 90 мың дана қысқы арнайы жұмыс киімін өндіруге қауқарлы. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік берді.
✅ Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов өндіріс орнында болып, кәсіпорын жұмысымен танысты. Ол өз сөзінде мұндай жобалардың аудан экономикасын әртараптандырудағы және инвестициялық тартымдылығын арттырудағы маңызы зор екенін атап өтті.
✅ Алдағы уақытта да ірі инвестициялық жобалар жалғасады. 2026 жылы жалпы құны 4 млрд теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 19 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
✅ Бүгінде аудан көлемінде іске асырылып жатқан ауқымды жобалар өндірістік қуатты арттырып қана қоймай, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға жол ашуда. Бұл – өңірдің жарқын болашағына бағытталған нақты қадам.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *