Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🇰🇿 Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтарға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі. Ел қорғаны болу – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін абыройлы міндет.
✅ Осы орайда, Отанымыздың тыныштығы мен халқымыздың қауіпсіздігі жолында аянбай қызмет етіп жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін. Еңбектеріңізге табыс, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
🇰🇿 Еліміз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі
Еркеғали Әлімқұлов