🇰🇿 Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – батыр бабаларымыздың ерлігі мен жанқиярлығын ұлықтайтын қасиетті мереке. Бұл күн – Отанға деген адалдықтың, қайсар рухтың, ел бірлігі мен жеңіске деген сенімнің символы.

✅ Сұрапыл соғыс жылдарында қазақстандықтар майдан мен тылда теңдессіз ерлік пен еңбек үлгісін көрсетті. Ауданымыздан 11 мыңнан астам азамат майданға аттанып, Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосты. Олардың ерлігі мен еселі еңбегі – бүгінгі бейбіт өміріміздің берік негізі.

⚜️ Ардагерлеріміздің өшпес ерлігі ешқашан ұмытылмайды, олардың есімі ел жадында мәңгі сақталады.

📌 Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық, береке-бірлік пен бақ-дәулет тілеймін!

Ізгі тілекпен ,
Төлеби ауданының әкімі
Еркеғали Әлімқұлов

от admin