🇰🇿 Төлеби ауданы Аққұм ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Мұхит Оралбайұлы Әлінің құрметіне демеуші есебінен салынған «Мұхит Әлі» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

✅ Спорт кешені Мұхит Оралбайұлы Әлінің ғибратты ғұмыры мен қайраткерлік қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау, ардақты есімін ұлықтау, сондай-ақ салауатты өмір салтын дәріптеп, жас ұрпақты спортқа баулу мақсатында бой көтерді. Жобаның жүзеге асуына демеуші Төре Құрбанов қолдау көрсетті.

📌 Мұхит Оралбайұлы Әлі – ел дамуына сүбелі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері. Ол Түркістан қаласы мен Төлеби, Сайрам аудандарында басшылық қызмет атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек сіңірді.

✅ Іс-шара барысында Мұхит Әлінің көзін көрген зиялы қауым өкілдері, достары мен әріптестері сөз сөйлеп, қайраткердің өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегін еске алды.

📍 ✅ Салтанатты жиынға мемлекет қайраткері Нартай Дүтбаев, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, жазушы-драматург Роза Мұқанова, бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Шойбекова, осы ауылдың тумасы, ақын Күлия Айдарбекова, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Құлбек Ергөбек және өзге де зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын қуанышпен құттықтады.

✅ Сондай-ақ, ел ағалары Жеңісбек Тұрғанов пен Созақбай Әбдіқұлов ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады. Белгілі ақын Біржан Байтуов арнайы арнау оқып, ауылдан болашақта ел мерейін асқақтататын чемпиондар көптеп шығуына тілектестік білдірді.
Іс-шара соңында Мұхит Оралбайұлы Әлінің рухына құран бағышталып, ас берілді.

⚜️ Жаңа спорт кешені ауыл тұрғындары мен жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin