🇰🇿 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған «Үздік еңбек адамы» республикалық байқауында Төлеби ауданының азаматтары жоғары марапатқа ие болды.
✅ Туған өлкенің өркендеуіне табанды еңбегімен сүбелі үлес қосып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, көркеюі мен гүлденуіне белсене атсалысып жүрген Киелітас ауылдық округінің тұрғыны Османов Могруф Магарамұлы және адам денсаулығын сақтауды өмірлік мұратына айналдырған Достық дәрігерлік амбулаториясының аға мейірбикесі Тынышбек Индира Бахытбекқызы «Үздік еңбек адамы» номинациясымен марапатталды.
✅ Марапаттау рәсімі 7 мамыр күні Астана қаласында елімізге танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен салтанатты түрде өтті. Бұл марапат – адал еңбек пен елге қызмет етудің, кәсіби біліктілік пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
⚜️ Төлеби ауданының мерейін асқақтатқан марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, ел алғысына бөлене беріңіздер!
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin