Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
🇰🇿 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет – ұлттың асыл қазынасы, халықтың болмысы мен тарихын айшықтайтын баға жетпес құндылық. Ал өнер – ел рухын асқақтатып, жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен тағылымды сіңіретін ұлы күш. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында халқымыздың рухани әлемі байып, төл өнеріміздің мерейі үстем болуда.
✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мәдениет – ұлттың рухани келбеті. Руханиятсыз қоғамның болашағы баянды болмайды» – деп атап өткен болатын. Бұл – мәдениет саласының қоғам өміріндегі айрықша орнын айқын көрсететін тағылымды сөз.
⚜️ Ұлттық мұрамызды ұлықтап, халыққа рухани қуаныш сыйлап жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен,
аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Меньше
