Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🇰🇿 Балалар – біздің жарқын болашағымыз, ел ертеңі, ең қымбат қазынамыз. Әрбір баланың бақытты балалық шақ кешіп, сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
✅ Осы мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шат-шадыман көңіл-күй, оқуда озат болып, армандарының орындалуын тілеймін. Әрқашан ата-аналарыңыздың мейірімі мен қамқорлығына бөленіп, еліміздің мақтанышына айнала беріңіздер!
Мереке құтты болсын!
Ізгі тілекпен, аудан әкімі
Еркеғали Әлімқұлов
