Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында Тасарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге бастауыш партия ұйымының төрайымы, Тасарық ауылдық округінің кондидатты және ауыл тұрғындары қатысып, Жолдауда айтылған маңызды мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
Жиын барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдық жерлердің өркендеуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру саласын дамыту және қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Ауыл тұрғындары өз пікірлерін ортаға салып, ел дамуына қатысты ұсыныстары мен ойларын білдірді.
Елдің дамуы – әрбір азаматтың белсенділігі мен ортақ жауапкершілігінен басталады. Сондықтан осындай кездесулер халықпен ашық пікір алмасуға, маңызды мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.
Бірлігіміз бекем, еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын!