Түркістан облыс әкімдігі жанынан аудан кәсіпкерлерін, шаруа қожалықтарын және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай қолдау бағдарламаларына баулу және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге арнайы жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топтың мақсаты – аудандардағы кәсіпкерлермен кездесіп, оларға ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласына қатысты жаңа жобаларды түсіндіріп, жұмыс жүргізуге бағдар беру.
Түркістан облысы әкімдігі бекіткен кестеге сәйкес, жұмысшы топ кеше Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында жиын өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев, аудан кәсіпкерлері мен және шаруашылық қожалық иелері қатысты.
Жұмысшы топ басқосуда «Ауыл аманаты» жобасының мақсатын түсіндірді. Кездесу барысында топ жұмысшылары жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиені алу мүмкіндігі, кооператив құрудағы басты мақсат, мемлекет тарапынан техниканы лизингке алу секілді тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітті.
Жобамен танысқан тұрғындар қызықтырған сұрақтарын қойып, өздерінің бизнес идеяларымен бөлісті. Жиын барысында топ мүшелері мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несиелер, қайтарымсыз гранттар, кепілдіктер бойынша қажетті ақпараттарымен бөлісті.
Жұмысшы топ жиыннан соң азаматтарды жеке қабылдап, арыз-шағымдары мен ұсыныстарын тыңдады. Мамандар әр мәселе заң аясында шешімін табатынын айтып, көтерілген мәселелер тұрақты бақылауларында болатынын жеткізді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

The assignment submission period was over and I was nervous, slotsite and I am very happy to see your post just in time and it was a great help. Thank you ! Leave your blog address below. Please visit me anytime.
I’ve been troubled for several days with this topic. casinocommunity, But by chance looking at your post solved my problem! I will leave my blog, so when would you like to visit it?
Hey There. I discovered your blog using msn. This is an extremely well written article. I will make sure to bookmark it and return to read more of your helpful information. Thanks for the post. I’ll definitely comeback.
I really prize your piece of work, Great post.