Аудандық адами әлеуеттік дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Абдулмахмуд Пошатаевтың “Санамдағы жаңғырық” атты сырласу кеші өтті.
Аудандық әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат төрағасы, ұйымдастырушы аудандық адами әлеуеттік дамыту бөлімі мен “Парасатты Қазақстан” қоғамдық бірлестігі төбе көрсетті. Аудандық мәслихат төрағасы бұл кешке Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан мемлекеттерінен келген қонақтарға алғысын айтып, құрмет көрсетті. Бұл жиынға аудандық адами әлеуеттік дамыту бөліміне қарасты оқу ордаларының кітапханашылары да белсене қатысты. Өздерінің сала мамандары екендерін көрсетіп поэзия-жыр шумақтарын оқыды. Бұл тұста бөлім басшысы Бекайдар Тойлыбаев бүгінгі жиынның идеологиялық маңызына тоқталды. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының түркі жұрты ғылыммен мәдениет, шығармашылықта бас қосса олардың бірлігі нығайып мүдделерінің ортақ болатынын тілге тиек етіп, өзіндік пікірімен бөлісті. Бекайдар Толыбаев мырза поэзия ешқандай шекараға бағынбайтынын айтты.
Поэзия әлемінде өз қолтаңбасын қалдырыған Абдулмахмуд Плошатаев мырза өзінің шығармашылығына құрмет көрсеткен жұртшылыққа дән риза. Абдулмахмуд Плошатаев мырза-ның айтуынша бүгінгі кеш барысында жерлестерінің оған көрсеткен зор құрметі ақынға шабыт беріп, шығарма-сының өрлеуіне өзіндік жол ашты деп отыр. Бұдан бөлек тұсау кесілгені отырған су жаңа кітаптардың маз-мұнымен бөлісті.
Аудандық адами әлеуеттік дамыту бөліміне қарасты кітапханашылар әдіскері Сәлима ханым бүгінгі жиын-ның өтуіне атсалысқан әріптестеріне алғысын айтып, алдағы уақытта мұндай кештердің өтуіне бірлесіп арқау болатындарын жеткізді.
