Өрт сөндіруші және құтқарушылардың бір ақ ұраны бар, ол: «Құтқару». Бұл мамандықта тек күш, батылдық және ержүректік ғана маңызды емес, одан басқа білім және тәжірибе, сонымен қатар, темірдей тәртіп қажет. Күн-түн демей адамдардың қауіпсіздігі үшін тілсіз жаумен күресетін бұл мамандық иелерінің еңбегінің жемісі-құтқарылған адамдардың алғысы.
Осылайша Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде жиырма бес жылдай еткен қызметкерлері №6 өрт сөндіру бөлімі бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ж. Ашеновті және күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С.Исаковты әріптестері құрметті демалысына шығарып салды. Кездесу барысында талай жыл азаматтық қорғау органында түрлі лауазымдарды қызмет атқырып, жастарға үлгі болған Ж.Ашенов және С.Исаков әріптестеріне көрсеткен құрмет-тері үшін алғыс айтып, қызықты естеліктерімен бөлісті.
Біз өз кезегімізде төтенше жағдайлар саласында халықты және аумақты қорғау іс-шара-ларында бар күш-жігерлерін салып, кәсіби шеберлігін көрсет-кен тәжірибелі мамандарға Тәуелсіз еліміздің кемел бола-шағы мен өркениет биігіне жете- леу жолында қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз.
Д. Райханов
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі

от admin