https://www.facebook.com/100075364029777/videos/612317184297154/

Леңгір қалалық саз мектебінің мұғалімдері мен оқушылары бірігіп 10-маусым күні «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» тақырыбында өз өнерлерін халыққа паш етті. Балалар біздің болашағымыз емес пе? Сол балалардың көңіл-күйін жазғы демалысқа дұрыс бағыттау басты мақсатымыз деп білеміз. Және де балалардың жеке қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу болып табылады. Атап айтқанда іс-шарада Сәрсенбай Айғаным «Қазақ елі» әнімен, оркестр «Адай» және «Сарыарқа күйлерін орындады. Қобызшылар ансамблі «Илигай» халық әнімен, «Наз» би тобы биімен және вокал сыныбының оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Оқушыларды музыка өнері арқылы халқымыздың әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, халық өнерін құрмет тұтатын дарынды да талантты жеке тұлға тәрбиелейтін, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыратын, патриоттыққа, отансүйгіштікке жетелейтін саз мектебінде 334 оқушыға 38 қосымша білім беру педагогы музыкалық білім беруде.
Дарынды, талантты балалардың өзін-өзі қалыптастырып танытуы және оларды қолпаштау, мадақтау, жетістіктерін мойындау мақсатында музыкалық білім алушылардың облыстық, республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысуын Ленгір қалалық балалар саз мектебі қамтамасыз етіп рет отырады.
2021-2023 оқу жылында мектеп оқушылары өткен Облыстық, Республикалық, Халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды, ауданның намысын қорғады. Облыстық байқаулардан — 31 оқушы жүлдемен оралды. Республикалықтан — 22 оқушы, Халықаралық байқаулардан — 9 оқушы аудан туын желбіретті
Әр 3 жыл сайын өтетін дәстүрлі облыстық жас музыканттар байқауыында Леңгір қалалық балалар саз мектебінің домбыра сыныбы бойынша прима қобыз аспабы, қыл қобыз аспабы және аккордеон аспабы бойынша 11 — оқушымыз облыстық жас музыканттар байқауына жолдама алған болатын. Үмітімізді оқушылрымыз, ақтап Төлебидің туын биікке көтеріп келді . Тарқата айтып кетсек
Домбыра аспабы:
кіші топ: Нұржанұлы Диас ІІ-орын
Домбыра аспабы:
орта топ: 1.Базарбаева Диана ІІ-орын
2. Балабек Рамазан ІІІ-орын
Домбыра аспабы:
Үлкен топ: 1. Жарылқапұлы Дәнекер І-орын
2. Әтрет Бекзат ІІ-орын
Прима қобыз аспабы бойынша
Кіші топ : 1. Жұмаділ Айзере ІІ-орын
Орта топ : 1. Фахруддинова Диана ІІІ-орын
Жоғары топ: 1. Сәрсенбай Айғаным І-орын
Қыл қобыз аспабы бойына:
Жоғары топ: 1. Есенбаева Мадина І-орын
Аккордеон аспабы бойынша:
Кіші топ: 1.Тастан Даниал І-орын.
Аккордеон аспабы:
Жоғары топ : Темирова Лобар номинация.
Дәстүрлі 55-жас музыканттар байқауының облыстық кезеңіне Леңгір қалалық саз мектебінен 11 оқушымыз қатысып, 10 жүлделі орынға иеленген болатын. Оның 1-орын иеленген 4-еуі Республикалық жас музыканттар байқауына жолдама алған болатын. Тарқата айта кетсек жас музыканттар байқауының Республикалық кезеңінен Прима қобыз аспабы бойынша Амирова Махаббат Көшербайқызының шәкірті жоғары топтан Сәрсенбай Айғаным бас жүлде, Джуманов Сафуан Бауыржан-ұлының шәкірті аккордеон аспабы бойынша кіші топтан Тастан Даниал ІІІ-орын алып сый-сияпатқа ие болды. 2023 жылы Жас музыканттар байқауының Облыстық кезеңінде фортепиано сыныбы бойынша Газизулаева Елизавета кіші топтан ІІ орын иеленді, ұстазы Зауре Бекбосынова. Орта топтан Мазманова Айсу да ІІ орын иеленді.
Ұстаздар музыкалық білімді тереңдете бере отырып, оқушыларымыз үкілеген үмітті әлі де ақтайды деп сенім білдіремін.
Е.КЕРІМБАЕВ,
оқу ісі жөніндегі орынбасары.

от admin