3 қазан 2023 жылы «№2 Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» кмм-інде 1 қазан Қарттар күнімен қатар келген 5 қазан Ұстаздар мерекесіне орай К.Ералиеваның ұйымдастыруымен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға мектептің ардагер ұстаздары шақырылды.
Іс-шараның мақсаты: жас мамандарға қазыналы қарт ұстаздарымыз тарапынан ақыл-кеңес беру, жас мұғалімдерді өз маманының шебері болуға тәрбиелеу.
Мерекені мектеп директоры Ж.Ж.Кулжанова ашып, ардагер ұстаздарды қатар келген қарттар күні және мұғалімдер күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Аспаннан ағып түссе бір шоқ жұлдыз,
Мұңаяды аспандағы бар жұлдыз» — демекші, мерекеге жиналған көпшілік қазіргі кезде ортамызда жоқ ұстаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Мерекеге келген ардагер ұстаздарға дайындалған коцерттік бағдарлама Тұмаркүл қызымыздың «Жан аға» атты керемет әнімен жалғасын тапты. Іс-шара мектебіміздің 70 жылдық мерей тойына арналған видео ақпаратпен жалғасты. Жас мамандар атынан физика пәнінің мұғалімі Исабекова Гүлназ «Әлқисса» күйін тарту етсе, ДТІЖО Амангельдиев Жандос « Өмір арман» термесін көпшілікке тарту етті.
Содан кейін жас мамандар «Бала.Ата-ана.Мектеп» тақырыбында көрініс қойып, қазіргі таңдағы өзекті мәселені көпшілік назарына ұсынды. «Үштік одақ» жұмысының дұрыс жолға қойылуының маңызды екенін айта келіп, қарт ұстаздар өздерінің ақыл-кеңесі мен іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жас мұғалімдер ардагер ұстаздарға өз алғыстарын білдіріп, жағдаятты сұрақтарға жауап алды. Мерекеде Ақмарал Базарбекованың шәкірттері күй тартысып, өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңы «Ұстазым, менің ұстазым» әнімен мәресіне жетті.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беретін, болашақ жас ұстаздарға үлгі-өнеге бола білген ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Қарттарымыз әрдайым аман болып, өмірден көрген-білгендерін жастарға үйретіп, туралыққа бағыттап отыруларына ниеттеспіз. Қазыналы қарияларымызды әркез тыңдап өскен жастарымыздың келешегі де нұрлы болатыны айдай анық.

№2 Шоқан Уәлиханов атындағы
жалпы білім беретін
мектеп ұжымы.

от admin

3 комментария к «ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *