Әлемде ең қауіпті және игі мамандықтардың бірі- өрт сөндіруші және құтқаруші мамандығы. Олар тәулік бойы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын жүргізіп, адамдардың өмірлері мен материалдық құндылықтарын құтқару үшін аянбай еңбек етіп келеді.
Осы қайсар мамандық иелерінің қатарына қосылу үшін, яғни азаматтық қорғау органына жұмысқа орналасу үшін іріктеу өткізу туралы хабарландыру Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің интернет-ресурстарында орналастырылады. Жасы 18-ге толған орта білімі бар азаматтардан хабарландыруға сәйкес 10 жұмыс күн ішінде құжаттар қабылданады. Қабылданған құжаттарды кадр бөлімі 5 жұмыс күн ішінде қарап болған соң қызметке денсаулық жарамдылығын айқындау үшін Шымкент қалалық Полиция департаментінің әскери-дәрігерлік комиссиясына медициналық және психофизиологиялық куәландыруға жіберіледі. Сонымен қатар полиграфологиялық зерттеуден өткізіледі. Денсаулығы бойынша қызмет өткеруге жарамды деп танылған және полиграфологиялық тексеруден өткен кандидат дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырады. Дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған кандидаттар әңгімелесуге жіберіледі. Ал бұл салада офицер атану үшін Көкшетау қаласында орналасқан Ал М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу қажет болады.
Аталған оқу орны «Өрт қауіпсіздігі», «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі», «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші» мамандықтары бойынша азаматтық қорғау органдарында қызмет ететін жоғары моральдық және іскерлік қасиетке ие, түрлі экстремальды жағдайларда мәселелерді шеше алатын, жоғары білімді, білікті офицерлерді даярлайтын Қазақстан Республикасы ТЖМ жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады. Академияға қабылдау және іріктеу Ережесіне сәйкес ҚР азаматы болып табылатын, орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды ҚР азаматы болып табылатын ұл және қыз балдар қабылданады. Академияға қабылдау медициналық, дене шынықтыру жəне психофизологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат балдарына сəйкес конкурс бойынша жүргізіледі. Бейінді пəндер: математика, физика. Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Оқы орнының күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі. Академияда оқуды тамамдаған курсанттар барлығы жұмыспен қамтылады.
Еліміздің қауіпсіздік жолында қызмет ету — бұл үлкен абырой. Сондықтан да өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қатарына қосылуға шақырамыз.

С.Шойманов
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі.

от admin