«ӨГЕМ» қоғамдық бірлестігі 4 маусым 2025 жылы Қазғұрт ауданы, Рабат ауыл округінің мәдениет үйінде егіндікпен айналысатын ауыл шаруашылық кәсіпкерлерімен «Дала күні» семинарын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: егіндікті регенеративтік тәсілді қолдану арқылы, ауадағы көмірқышқыл газының көлемін азайтып, жердің құнарлығын ұлғайту. Осы жаңа технологияны пайдалана отырып жаһандық экологиялық жағдайды жақсартуға және азық-түлік қауіпсіздігімізді сақтап қалуға үлес қосу. Бүгінгі таңда дүниежүзінде осы Carboneg технологиясын қолдану арқылы жаһандық экологиялық апатпен күресуде.
Осы іс-шараға облысымыздағы аудандардың ауыл шаруашылық бөлімдерінің басшылары және кәсіпкерлер келіп қатыстып, ғалымдарымызға өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
«Өгем» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен чехиялық Carboneg компаниясымен бірлесіп Түркістан облысы алқаптарында көміртегі бейтараптығын дамыту саласындағы жобаны ресми түрде қолдауды сұрайды. Аталған жобаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін азайту арқылы жаһандық жылынуға қарсы күреске зор экономикалық және экологиялық әсерін тигізеді.
Регенеративті технологияларды пайдалану арқылы жобаны жүзеге асыру біздің тұрақты даму және қоршаған ортаға қамқорлық жасау ұлттық мақсаттарымызға сай келеді. «Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы №121 Жарлығына сәйкес Еуроодақ елдерімен бірлескен жобаны жүзеге асыруға бастамашы бола отырып, біз ауылшаруашылық тәжірибесіне елеулі өзгерістер енгізуге және кеңірек экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді тәсілдеріне көшу бағытын қолдаймыз.
Бұл жобаның артықшылықтары — азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, биоәртүрлілікті сақтау, су ресурстарын қорғау, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру, топырақтың тозуын азайту және көміртегі шығарындыларын айтарлықтай азайту кіреді. Қазақстан Республикасында әлі күнге дейін дәстүрлі, қайта қалпына келмейтін ауылшаруашылық тәжірибесі басым екенін ескере отырып, бұл Carboneg компаниясының қолдауы дер кезінде және өзекті екендігін ерекше атап өткен жөн.
Carboneg миссиясы – фермерлерді регенеративті ауыл шаруашылығы әдістеріне оқытып, дайындау арқылы ақпараттық қолдау көрсету. Бұл компанияның заманауи ауыл шаруашылығына жаңашыл көзқарасын көрсетеді. Олардың жұмыс нәтижесін бақылау және сіңірген әрбір тонна СО2 үшін фермерлерге сыйақы беру жүйесі фермерлердің регенеративті ауыл шаруашылығына көшуіне қаржылық ынталандыру болып табылады.
Жобаның сәйкестігін бағалайтын Carboneg компаниясымен бірлесіп «Өгем» қоғамдық бірлестігінің «Регенеративті ауыл шаруашылығын қолдану арқылы атмосферадағы көмірқышқыл газын азайту» жобасын қолдаңыздар.
А.Әбдешев,
«Өгем» ҚБ төрағасы.

от admin