«Өгем» қоғамдық бірлестігі ауыл шаруашылығындағы регенеративті технологиялардың тиімділігін көрсетуге бағытталған инновациялық Көміртек орталығын құрды. Бұл жоба климаттың өзгеруімен күресуге, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және топырақ құнарлылығын жақсартуға бағытталған.
Орталық алдыңғы қатарлы регенеративті егіншілік әдістерін, мысалы, топырақты минималды өңдеу, сидерация, компост дайындау, түрлі дақылдарды себу сияқты тәжірибелерді көрсету алаңы болады. Фермерлер мен мамандар бұл технологияларды іс жүзінде қолдану, кеңес алу және тәжірибе алмасу үшін Көміртек орталығының фермерлік алаңы мен Көміртек полигонында ақпараттық-демонстрациялық жұмыстарға қатыса алады. Бұл алаңдар инновациялық ауыл шаруашылығы тәсілдерін көрнекі түрде қолдануды қамтамасыз етеді.
Регенеративті ауыл шаруашылығы — климаттың өзгеруімен күресудің тиімді әдісі. Атмосферадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, дені сау топырақ парникті әсерді азайтуға ықпал етеді. Бұдан бөлек, регенеративті әдістер өнімділікті арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға және құрғақшылық пен басқа да қолайсыз факторларға төзімділігін күшейтуге көмектеседі. Біздің мамандар осы бағыттағы жұмысты барынша тиімді жүргізу үшін кезең-кезеңімен оқытуды қамтамасыз етеді.
«Өгем» экологиялық проблемаларға және тұрақты дамуға немқұрайлы емес азаматтардың бәрін біздің бастамамызға қосылуға шақырады.
Біріккен күш жұмсау нәтижесінде, біз анағұрлым тұрақты және тиімді де өнімді ауыл шаруашылығын қалыптастырып, осы заманның адамдарына және болашақ ұрпаққа өсіп-өркендеудің жарқын моделін қамтамасыз етеміз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, біздер бес саусақтың жұдырыққа жұмылғанындай біріге жұмыс істесек, қол жетпейтін тау, аса алмайтын асу болмайды.
Бірге біз көп нәрсені жасай аламыз!
А.АБДЕШЕВ,
«Өгем» ҚБ төрағасы.

от admin

22 комментария к ««Өгем» қоғамдық бірлестігі Көміртек орталығын ашады: ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»
  1. 有道词典是由网易有道出品的全球首款基于搜索引擎技术的全能免费语言翻译软件。简介. 支持中文、英语、日语、韩语、法语、德语、俄语、西班牙语、葡萄牙语、藏语、西语等109种语言翻译。拍照翻译、语音翻译、对话翻译、在线翻译、离线翻译更顺畅。更多的翻译 https://www.fanyim.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *