«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» кеңесінің отырысында Төлеби ауданындағы мәдениет саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы және тарихи мұра мен киелі орындарды күтіп ұстау бойынша күн тәртібінде қаралды.

Атқарылған жұмыстар:
✅ Мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге бағытталған 7 іс-шараның 6-уы өтті;
✅ Өңірлік тұлғалардың мұрасын дәріптеуге арналған 7 іс-шара толық орындалды;
✅ «Мыңшейіт», «Нұр ата» тарихи орындарында өлкетану экспедициясы ұйымдастырылды;
✅ 10 қасиетті нысан жүйелі күтімге алынды;
✅ Ауылдарда мәдениет қызметкерлері есепті және мерекелік концерттер өткізуде.

Бұл жұмыстар – «Аманат» партиясының сайлау алдындағы негізгі бағыттарының бақылауда екендігінің дәлелі.

Жалпы мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды цифрлық заманда жаңаша дамыту, мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және тарихи мұраны сақтау бағытындағы бір қатар бастамаларды қолдаған және осындай мазмұнды диалог алаңын ұйымдастырған «AMANAT» партиясына алғыс білдіремін.

Алда әлі де ауқымды істер күтіп тұр.
Ел үшін еңбек ету – үлкен жауапкершілік!

Бағдатбек Жанғазиев,
Төлеби ауданы әкімінің орынбасары.

от admin

Добавить комментарий для 🔋 ⚠️ Verification Needed: 0.9 Bitcoin deposit on hold. Unlock here → https://graph.org/Get-your-BTC-09-11?hs=2e09c6196e7b99bad96fd6f5a7fc1915& 🔋 Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *