АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ
🇰🇿 Бүгін Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан аумағындағы бірқатар құрылыс және инфрақұрылым нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
✅ Іссапар барысында аудан басшысы Киелітас елді мекенінде болып, индустриалды аймақтың инфрақұрылым жүйелерін тарту жобасын қарады. Жоба аясында өндірістік аумақты қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз ету мәселесі пысықталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.
✅ Сонымен қатар, аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы инвестормен кездесіп, өңірге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Кездесуде жүзеге асырылатын жобалардың аудан экономикасына оң әсері атап өтілді.
✅ Одан кейін Қемеқалған ауылдық округіне қарасты Қаратөбе елді мекеніндегі «Ақбура» бұлағының ауыз су мәселесі қаралды. Ауыз су сапасы мен тұрғындарды сапалы сумен қамту жайы талқыланып, жауапты мекеме өкілдеріне нақты міндеттер жүктелді.
✅ Сондай-ақ, Қарақия елді мекеніндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан аудан әкімі құрылыс сапасына қатысты сын-ескертпелер айтып, мердігер мекемелерге анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде түзетуді тапсырды. Жұмыстардың талапқа сай орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.
⚜️ Жұмыс сапары барысында аудан әкімі елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын айтты.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі М

от admin