🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан аумағындағы инфрақұрылым және ауыз су жүйелерінің жай-күйімен танысу мақсатында жұмыс сапарымен бірнеше елді мекенді аралады.

✅ Іссапар барысында аудан басшысы Абай–Ұйымшыл елді мекендері арасындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударды. Жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

✅ Сонымен қатар, аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы Абай елді мекеніндегі ауыз су мәселесімен танысып, тұрғындарды таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеді. Сондай-ақ, ауыз судың дебитін анықтау мақсатында бұлақ көздерімен танысып, олардың әлеуетіне назар аударды. Жауапты мекеме өкілдеріне жүйедегі өзекті мәселелерді жан-жақты саралап, нақты әрі тиімді шешу жолдарын қарастыруды міндеттеді.

✅ Жұмыс сапары Ақбастау елді мекенінде жалғасып, мұндағы ауыз су жүйесінің қазіргі ахуалы қаралды. Аудан басшысы халықты тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету — ел игілігіне бағытталған маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

📍 «Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған әрбір жоба — біздің басты назарымызда. Тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен және таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады», – деді аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы.

⚜️ Іссапар қорытындысында аудан әкімі елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin