✅ Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды.
🔰 Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – инвестиция тарту және аудан аумағындағы индустриалды аймақты жаңа жобалармен толықтыру барысы болды. Аталған мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбеков баяндама жасап, аудан экономикасына тың серпін беретін инвестициялық жобалар мен өндіріс орындарын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар индустриалды аймақтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселелері жан-жақты сөз болды.
🔰 Мәжілісте аудан аумағындағы қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары да қаралды. Бұл мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жандос Бегалиев баяндама жасап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, тұрғындар тарапынан келіп түсетін өтініштерге дер кезінде назар аударуды тапсырды.
🔰 Жиын барысында индустриалды аймақтың инфрақұрылымын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Инженерлік желілер тарту, қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтау бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.
🔰 Сонымен қатар 1 мөлтек ауданындағы әлеуметтік үш тұрғын үйдің инфрақұрылым жүйелерінің жай-күйі де талқыланды. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев атқарылған жұмыстар туралы баяндап, тұрғын үйлерді инженерлік желілермен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың барысын таныстырды.
📌 Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша жұмысты жандандырып, берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар ауданның тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі Меньше

от admin