🇰🇿 Төлеби ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ленгер қаласындағы №7 IT мектеп-лицейі базасында «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана мен қоғам жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жарқын болашағына бірлесе үлес қосу.

✅Форумға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудан прокуратурасының прокуроры Бексұлтан Маратұлы, білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы, сондай-ақ ата-аналар, білім саласының мамандары мен қоғам белсенділері қатысты.

📌Аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы өз сөзінде бала қауіпсіздігі мен саналы тәрбие беру – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

🔰Іс-шара барысында мектеп психологтары қатысушылармен сауалнама жүргізіп, түрлі психологиялық тренингтер ұйымдастырды. Форум аясында отбасы құндылықтары, жасөспірімдердің қауіпсіздігі, ата-ана жауапкершілігі және психологиялық қолдау мәселелері кеңінен талқыланды.

✅Ашық пікір алмасу алаңында ата-аналар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды. Форум соңында 2025–2026 оқу жылында республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алған білім алушылардың ата-аналарына Алғыс хаттар табысталды.

⚜️ Аталған форум – отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin