
🇰🇿 Түркістан қаласында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған облыстық спартакиада 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысуда.
✅ Биылғы жарыста қатысушылар шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, киберспорт, баскетбол 3х3 және қазақ күресі сынды спорт түрлерінен бақ сынауда. Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиаданың алғашқы күнгі қорытындысы бойынша Төлеби ауданының құрамасы жоғары нәтиже көрсетуде. Атап айтқанда, қазақша күрестен І орын, тоғызқұмалақтан І орын иеленсе, жүзу спортынан IV орынға тұрақтады. Сонымен қатар футболдан аудан құрамасы өз тобында І орынмен келесі кезеңге өтті. Ал волейболдан тартысты ойын өрнегін көрсетіп, топтық кезеңде ІІІ орын иеленді.
✅ Спартакиада мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік пен достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Түркістан облысының құрама командасын іріктеуге арналған.
✅ Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсеткен командалар кубоктармен марапатталса, спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медальдармен марапатталады. Сонымен қатар жеңімпаздар шілде айында өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиадаға жолдама алып, облыс намысын қорғайды.
📌 Аудан намысын абыроймен қорғап жүрген барлық спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз! Жеңісті күндер жалғасын таба берсін!
📍 Спорттық бәсекелер 19–22 мамыр күндері аралығында Түркістан қаласындағы спорт кешендерінде өтуде.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі Меньше
