🇰🇿 2026 жылдың 13–17 мамыр аралығында Түркияның Анталия қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде әлемнің мықты спортшылары бас қосып, өз шеберліктерін ортаға салды.
✅ Осы әлемдік додада Түркістан облысы, Ленгір қаласының тұрғыны, №2 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің түлегі, қазіргі таңда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университеттің 4 курс студенті Қалыбай Аяжан Сағындыққызы зор жетістікке қол жеткізді.
🎉 Батыр қызымыз әлем чемпионатында жоғары дайындық пен табандылықтың үлгісін көрсетіп, екі бірдей жүлдені иеленді:
🥈 HIF контакт бойынша — ІІ орын
🥉 Full Contact бойынша — ІІІ орын
Осылайша, Аяжан Қазақстанның көк туын әлемдік аренада биікке көтеріп, ел абыройын асқақтатты.
✅ Аяжан бұған дейін де Азия чемпионаттарында үш дүркін І орын иегері атанып, халықаралық жарыстарда талай мәрте жеңіс тұғырынан көрінген талантты спортшылардың бірі. Ал әлем чемпионаты — оның көптен бергі асқақ арманы болатын. Сол арманға басталған алғашқы қадамының өзі-ақ жарқын жеңіспен өріліп отыр.
⚜️ Аяжанның спорттағы алғашқы ұстазы — мектеп қабырғасында баулыған Мәди Нәбиев болса, бүгінде студенттік кезеңдегі жаттықтырушысы — Бағлан Абразақ.
📌 Бұл жетістік — тек Аяжанның жеке жеңісі ғана емес, тұтас Төлеби жұртының ортақ мақтанышы. Осындай қайсар, намысты қызды тәрбиелеп өсірген ата-анасы Сағындық Аманбаев пен Мадина Биболоваға, сондай-ақ спортқа баулып, биік белестерге жетелеген ұстаздары мен бапкерлеріне шынайы алғыс айтамыз.
🏅 Алар асуың биік, жеңісің көп болсын!
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin