



🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау өтті.
✅ Маңызды кездесуге Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов қатысып, аудан тұрғындарымен ашық пікір алмасты. Қабылдауға сот орындаушылар, адвокаттар және нотариустар да қатысып, азаматтарға құқықтық кеңестер ұсынды.
📍 Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң аясында шешімін табатын мәселелерді талқылау және тұрғындарға кәсіби құқықтық көмек көрсету.
🔹 Қабылдау барысында азаматтардың жеке өтініштері мұқият қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, жер дауы, тұрмыстық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтеріліп, құқық қорғау және сот саласының мамандары нақты құқықтық бағыт-бағдар берді.
🔹 Сонымен қатар, іс-шара аясында заманауи цифрлық мүмкіндіктер таныстырылып, жасанды интеллект негізінде әзірленген құқықтық кеңесші жүйесінің іске қосылғаны жөнінде ақпараттық жадынамалар таратылды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі Показать меньше
