🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Шымкентцемент» ЖШС басшысы Константин Артюховпен арнайы кездесу өткізді. Басқосудың басты мақсаты — аудан аумағындағы елді мекендердің әлеуетін арттыруға бағытталған инвестициялық және әлеуметтік міндеттемелердің орындалу барысын пысықтау болды.
✅ Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы аудан әкімдігі, «Шымкентцемент» ЖШС және «Киелі Қазығұрт» мекемесі арасында жасалған үшжақты меморандум аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, Ақбастау, Алғабас, Киелітас, Абай және Ұйымшыл ауылдарында жүзеге асырылатын жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Атап айтқанда, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, ел игілігіне арналған нысандар салу, ауыз су жүйелерін жетілдіру сынды халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларға басымдық берілді.
✅ Аудан басшысы инвестор тарапынан қабылданған міндеттемелердің сапалы әрі уақытылы орындалуы тұрғындардың тұрмыс сапасына оң әсер ететінін жеткізді. Осыған орай, «Шымкентцемент» ЖШС-не әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдету, ауыз сумен қамту жобаларын толыққанды қаржыландыру және нақты мерзімдер көрсетілген кезеңдік жоспар ұсыну міндеті жүктелді.
✅ Өз кезегінде компания басшылығы өңірдің әлеуметтік дамуына бағытталған жобаларды сапалы әрі жауапкершілікпен жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
✅ Төлеби ауданы әкімдігі алдағы уақытта да меморандум аясындағы барлық міндеттемелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, елді мекендердің әлеуметтік дамуы бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin