🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалымен бірлесіп қоғамдық қабылдау өткізді.
✅Аудан әкімдігінің ашық кеңсе залында өткен қабылдауда тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін жеткізді. Ашық диалог алаңына айналған кездесуде тұрғындар негізінен тұрғын үйге қатысты сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, тұрғын үй кезегіне тұру, кезектің жылжу барысы, әлеуметтік пәтерлерді бөлу шарттары, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу, сондай-ақ коммуналдық салаға қатысты мәселелер көтерілді.
🔰Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы әрбір тұрғынның өтінішіне жіті назар аударып, халықтың мұң-мұқтажы әрдайым басты назарда екенін атап өтті. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің ешқайсысы ескерусіз қалмайтынын айтып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
📌Халықпен ашық пікір алмасуға негізделген мұндай қабылдаулар тұрғындардың билікке деген сенімін арттырып қана қоймай, ел ішіндегі өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіні айтылды.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі Показать мен

от admin