Құрметті отандастар!
Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

🇰🇿 Имандылық пен ізгілікті ұлықтайтын
Құрбан айт адамзатты мейірім мен қайырымдылыққа, өзара сыйластық пен жанашырлыққа үндеп, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайта түседі.

✅ Бүгінде елімізде татулық пен келісімнің берік үлгісі қалыптасқан. Бірлік пен бейбіт өмірді дәріптеген мемлекетіміздің бағыты әлем жұртшылығы тарапынан жоғары бағалануда. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та өз құттықтауында Құрбан айттың қоғамдағы бірлік пен рухани құндылықтарды нығайтудағы маңызына тоқталып, барша халыққа бейбітшілік, береке және амандық тіледі.

⚜️ Халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ынтымақ – ырыс негізі» деп бекер айтпаған. Ауызбіршілік пен татулық артқан сайын еліміздің болашағы да жарқын болмақ.

Осы қасиетті мереке әр шаңыраққа амандық, молшылық, береке мен қуаныш әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Құрбан айт құтты болсын!

Аудан әкімі Е. Әлімқұлов

от admin