🇰🇿 Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айт намазы оқылып, кең көлемде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

⚜️ Айт намазына жиналған жамағатқа ауданның бас имамы Үсен Саурбаев Құрбан айт мерекесінің рухани маңызы туралы уағыз айтып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жолданған құттықтау лебізін жеткізді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын қасиетті мерекені жоғары рухани көңіл күйде қарсы алуға шақырып, құрбан шалу рәсімі мен оның сауабы жайында кеңінен түсіндірді.

✅ Мерекелік жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сеитхан Ахтаев сөз сөйлеп, мешіт жамағаты мен аудан тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен арнайы құттықтап, ақжарма тілегі мен батасын берді.

⚜️ Қасиетті мерекеде ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Мешіт жамағатына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында орталық «Нұр» мешітінің қызметкерлері, «Әйел-қыздар» секторы және Төлеби спорт клубының директоры Нұргелді Құлышев бастаған мекеме қызметкерлері бірлесіп, ұлттық нақыштағы арнайы киіз үй тікті. Шара барысында келушілерге ұлттық тағамдар мен тәттілер ұсынылып, ұлттық спорт түрлерінен түрлі мерекелік жарыстар ұйымдастырылды.

📍 Қасиетті Құрбан айт мерекесінің рухани мәні мен ұлттық құндылықтары ұлықталған бұл тағылымды шара көпшілік қауымға ерекше әсер сыйлап, аудан тұрғындарының зор ықыласына ие болды.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin