





🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов халықаралық маңызы бар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өздеріне жүктелген қызметтерді жауапкершілікпен атқаруға үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.
✅ Салтанатты жиын барысында халықаралық ауқымды іс-шара кезінде белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға атсалысқан қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, саммит аясында өз міндеттерін аса тиянақтылықпен орындап, адал еңбектің үлгісін көрсеткен азаматтар Төлеби ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
✅ Шара барысында ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған қызметкерге ерекше құрмет көрсетіліп, көпшілік ыстық ықыласын білдірді.
✅ Сондай-ақ халықаралық спорт аренасында ел намысын абыроймен қорғап, Түркияның Анталия қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыға аудан әкімінің арнайы Алғыс хаты табысталды.
📍 Жиын соңында аудан әкімі марапат иелерін құттықтап, олардың еңбегі мен жетістіктері елге үлгі екенін атап өтіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
