🇰🇿 Төлеби ауданында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ІІ тоқсандық отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов төрағалық етіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы өзекті мәселелер қаралды.

📌 Күн тәртібінде:
▪️ мүліктік қылмыстардың алдын алу;
▪️ заңсыз ойын бизнесі мен қаржылық пирамидаларға қарсы күрес;
▪️ қылмыстардың ашылу деңгейі;
▪️ тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы;
▪️ балалардың жазғы демалысы кезеңіндегі қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

✅ Жиында мал ұрлығы, интернет-алаяқтық, онлайн-казинолардың заңсыз қызметі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар сараланды.

✅ Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды нығайту, ерте неке мен ажырасудың алдын алу, балалардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

📍Отырыс қорытындысымен жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, профилактикалық жұмыстарды күшейту міндеттелді.

📌 Құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің басты кепілі.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin