





🇰🇿 Төлеби ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мереке бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың шаттыққа толы күлкісі мен қуанышына ұласты.
✅ Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, балалар мен олардың ата-аналарын айтулы мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде балалардың жарқын болашағы үшін қолайлы жағдай жасау мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, жас ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын жеткізді.
✅ Іс-шара барысында балаларға арналған қызықты ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық бағдарламалар мен концерттік қойылымдар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, түрлі байқауларға қатысып, мерекелік сыйлықтарға ие болды.
📌 Балаларды қорғау күніне арналған мереке жас өрендердің жүздеріне қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету – қоғам мен мемлекеттің ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте айқындады. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі мерекенің басты сәніне айналды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
