






🇰🇿 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Төлеби ауданындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылында мерекелік кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, аудан прокуроры Дабыл Аянұлы және аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, балаларды айтулы мерекемен құттықтады.
📍 Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы мерекеге орай сөйлеген сөзінде: «Әрбір баланың қуанышты күлкісі мен бақытты балалық шағы – мемлекетіміздің басты байлығы. Барша бүлдіршіндерге шаттыққа толы балалық шақ, биік армандар мен жарқын болашақ тілеймін», – деп, жас өрендерге ақжарма тілегін жеткізді.
✅ Қонақтар балалардың әрқайсысы еліміздің болашағы, тәуелсіз Қазақстанның жарқын келешегін қалыптастыратын ұрпақ екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет тарапынан олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына, алаңсыз балалық шақ кешуіне барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді.
✅ Мерекелік жүздесу барысында тәрбиеленушілерге арнайы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Өз кезегінде өнерлі балалар ән шырқап, би билеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, қонақтарға мерекелік көңіл күй тарту етті.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышқа толы жүздері мерекенің шынайы мәнін айшықтай түсті.
📌 Мейірім мен қамқорлыққа негізделген бұл кездесудің тәрбиелік маңызы зор болып, жас өрендердің жүрегінде жарқын естелік ретінде сақталары сөзсіз.
Өйткені әрбір баланың бақытты балалық шағы – елдің баянды болашағының берік негізі.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі Показать меньше
