🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – елдің егемендігі мен ұлттық бірегейлігін айқындайтын қасиетті құндылықтар. Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, рухын және болашаққа деген сенімін бейнелейтін басты нышандар. Осыған орай, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Төлеби ауданында салтанатты мерекелік жиын Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.
✅ Салтанатты шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қайратұлы қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің басты белгілері екенін атап өтіп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың азаматтық борышы әрі отансүйгіштіктің жарқын көрінісі екенін жеткізді.
📌 – Тәуелсіздік жылдарында көк байрағымыз әлемнің ең биік шыңдарында желбіреді, ғарыш кеңістігіне көтерілді, халықаралық жарыстарда жеңімпаздар тұғырына шықты. Әнұранымыз әлемнің талай аренасында шырқалып, Қазақстанның абыройын асқақтатты. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі мен мерейінің айқын көрінісі.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – Отанға деген құрмет. Сондықтан жас ұрпақ көк Туымызды мақтан тұтып, Елтаңбамызды қастерлеп, Әнұранымызды әрдайым зор құрметпен орындауы тиіс. Біздің басты мақсатымыз – тәуелсіздігімізді нығайтып, ел бірлігін сақтап, келер ұрпаққа қуатты әрі өркендеген Қазақстанды аманат ету.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік, бірлігі бекем болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз әлем төрінде шырқала берсін!, – деді Бауыржан Қайратұлы.
⚜️ Мерекелік жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ ауданның өнерпаздары мен көркемөнерпаздары мерекелік концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
✅ Аудан тұрғындарының белсенді қатысуымен өткен шара елдік пен бірліктің, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды қастерлеудің маңызын тағы бір мәрте айқындады. Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталған мерекелік жиын жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтуға өз үлесін қосты.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin