🇰🇿 Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын!
✅ Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың мақтанышы, Тәуелсіздігіміздің басты нышандары. Бұл – ел тарихын, ұлттық болмысымызды және жарқын болашаққа деген сенімімізді айшықтайтын қастерлі құндылықтар.
✅ Төлеби өңірінде мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, отансүйгіштік рухты дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау игі дәстүрге айналған. Елін сүйетін, туған жерінің дамуына үлес қосатын жастарымыздың қатары көбейіп келеді.
✅ Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі биік болып, Көк Туымыз әрдайым бейбіт аспан астында желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, берекеміз баянды болсын!
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен
аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов

от admin