Бүгін «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының кезектен тыс XLVIII (48) есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, облыстық және аудандық филиалдардың Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен делегаттар қатысты.
Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картасының орындалу барысы сараланып, аудандық филиалдың 2023 жылғы қыркүйек айынан 2026 жылғы мамыр айына дейінгі кезеңдегі қызметінің қорытындылары тыңдалды.
Сондай-ақ алдағы уақытқа арналған басым бағыттар мен міндеттер белгіленіп, сайлауалды бағдарламаларды іске асыру жөніндегі өңірлік Жол карталарын тиімді орындау мәселелері талқыланды.
Жиын барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті L (50) конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.
Конференция соңында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі




