



🇰🇿 4–5 маусым күндері Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Төлеби ауданындағы Ленгір қалалық ауруханасында «Лапароскопиялық хирургияның заманауи әдістері» тақырыбында республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық мастер-класс ұйымдастырылуда.
✅ Мастер-класстың ашылу салтанатына Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Дильдабеков, Ленгір қалалық ауруханасының бас дәрігері Октябрь Буриханов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Мурат Жунусов, университет профессорлары, еліміздің жетекші хирургтері, интерндер мен резиденттер қатысты.
✅ Іс-шара барысында бариатриялық, урологиялық және гинекологиялық бағыттар бойынша заманауи лапароскопиялық операциялар көрсетіліп, қатысушылар тәжірибелі мамандардың жұмысын тікелей бақылауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ хирургия саласындағы озық технологиялар мен инновациялық тәсілдер талқыланып, жас мамандарға арналған тәжірибелік сабақтар өткізілуде.
✅ Мастер-класс аясында республика өңірлерінен келген хирургтер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шеберлікті арттырудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл өз кезегінде медициналық қызмет сапасын жақсартуға, заманауи хирургиялық әдістерді өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарына енгізуге жол ашады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
