🇰🇿 Тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, олардың өзекті мәселелерін уақытылы шешу – жергілікті атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
✅ Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, тұрғын үй және коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, кондоминиум жерінің құқықтық мәртебесі, жер құжаттарын заңдастыру, тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек көрсету, шипажайға жолдама алу, санитариялық талаптарды сақтау және су тасқынының салдарын жою мәселелері бойынша сауалдар қойылды.
✅ Әрбір азаматтың өтініші жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастыру мақсатында жауапты мекемелер мен бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
📌 Халықпен ашық әрі сындарлы диалог орнату, тұрғындарды толғандырған мәселелерді назардан тыс қалдырмай, олардың оң шешімін табуға ықпал ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin