🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясы өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралып, оған мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етті.
✅ Сессия жұмысына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов, мәслихат депутаттары, қала және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен жауапты сала мамандары қатысты.
📍 Жиын басталар алдында ауданның дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ азамат марапатталып, Түркістан облыстық және аудандық мәслихаттардың Құрмет грамоталары табысталды.
↪️ Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджет саясатына қатысты тоғыз мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2025 жылғы бюджеттердің орындалуы туралы есеп тыңдалып, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.
↪️ Сонымен қатар Қасқасу және Киелітас ауылдық округтері әкімдерінің есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстарға баға берілді. Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын жетілдіру, мұқтаж азаматтар санатын айқындау және комиссия құрамын бекіту мәселелері де қаралды.
↪️ Депутаттар ауылдық жерлерге жұмысқа келген мамандарға 2026 жылы көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредит беру туралы шешімді қолдады.
📌 Сессия барысында сөз алған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ауылдық округ әкімдерінің есептеріне тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы жұмыстарды жандандырумен қатар, туризм саласын дамыту бағытындағы бастамаларды күшейтіп, алдағы жоспарланған жобаларды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.
✅ Сессия барысында барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
📌 Жиын соңында қабылданған шешімдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға серпін беретіні атап өтілді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі 





