🇰🇿 «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
✅ Ашық пікір алмасу форматында өткен қабылдауда азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына және ауданның инфрақұрылымдық дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
✅ Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегіне тұру, пәтерлерді жекешелендіру, апатты жағдайдағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарын жаңа баспанамен қамтамасыз ету, жер құжаттарын заңдастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көпір құрылысы, көшелерге түнгі жарық шамдарын орнату және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол кедергілерін орналастыру, жаңа мектеп ашу жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.
📌 Аудан әкімі әрбір өтініш пен ұсынысты мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында тиісті түсіндірмелер берді. Сондай-ақ жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындар көтерген мәселелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin