🇰🇿 Төлеби аудандық Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев қатысып, сала мамандарын құттықтады.
✅ Құттықтау сөзінде Әуесбек Әсілбек мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, медицина қызметкерлерінің халық денсаулығын сақтау жолындағы ерен еңбегіне жоғары баға берді.
📌 – Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты мұрат еткен сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық. Кез келген уақытта халықтың саулығы үшін аянбай еңбек етіп, жауапты міндеттеріңізді абыроймен атқарып келесіздер. Кәсіби шеберліктеріңіз, адамгершілік қасиеттеріңіз бен жанашырлықтарыңыз талай жанға үміт сыйлап, өмірге деген сенімін нығайтып келеді, – деді ол.
✅ Мерекелік жиын барысында ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар медицина қызметкерлері аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
⚜️ Шара соңында ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, аудан өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
