Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🇰🇿 Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал қызмет етудің, халық сенімін ақтаудың және мемлекетіміздің тұрақты дамуына үлес қосудың маңызды тетігі. Бұл сала жоғары жауапкершілікті, кәсібилік пен адалдықты талап етеді.
✅ Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі заман талабына сай жаңарып, меритократия қағидаттарына негізделген тиімді басқару институтына айналды. Бүгінде мемлекеттік қызметшілер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың табысты жүзеге асуына сүбелі үлес қосып келеді.
📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әділетті, тиімді әрі халыққа жақын мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруды басты міндеттердің бірі ретінде айқындап келеді. Осы бағытта мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жауапкершілігіне ерекше мән берілуде.
⚜️ Халқымыз «Ел аманаты – ерге сын» дейді. Мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір саналатын мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – ел сенімін ақтап, сапалы әрі нәтижелі қызмет көрсету. Төлеби ауданының өсіп-өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамалар мен жобалардың жүзеге асуында сіздердің еңбектеріңіз ерекше.
Құрметті әріптестер!
✅ Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Еліміздің өркендеуі мен туған жеріміздің дамуы жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, толағай табыстарға жетелей берсін!
Ізгі тілекпен,
Төлеби ауданының әкімі
Еркеғали Әлімқұлов
