Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🇰🇿 Қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін маңызды міндет. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің қызметі әрдайым құрметке лайық.
✅ Сіздер күн сайын ел тыныштығын сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Антқа адалдық, кәсіби біліктілік пен батылдық – полиция қызметінің басты қағидаттары.
✅ Халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз мемлекетіміздің тұрақтылығы мен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды кепілі болып табылады.
⚜️ Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыс пен абырой тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, халықтың сенімі мен құрметіне әрдайым бөлене беріңіздер!
Ізгі тілекпен,
Аудан әкімі
Е. Әлімқұлов
