🇰🇿 Тұрғындардың талап-тілегіне дер кезінде назар аударып, көтерілген мәселелерді заң талаптарына сәйкес шешу – халыққа қызмет етудің басты қағидаларының бірі. Осы бағыттағы жұмыстар Төлеби ауданында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
✅ Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
✅ Қарақия елді мекенінің тұрғындары ауыл халқының ортақ жайылымына өткен 177 гектар жерді кооперативтің иелігіне беру және елді мекендегі 4,6 шақырым аумаққа су ағар орнату мәселесін көтерді.
✅ Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, мәселелерді заң аясында шешу бағытында тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды міндеттеді.
📌 Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселе бақылауға алынып, олардың орындалу барысы тұрақты түрде қадағаланатын болады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


