🇰🇿 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиында мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қабылданған жас мамандар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдады.
✅ Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жас мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтап, олардың алдағы қызметтеріне табыс тілеп, ел мүддесіне адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарға кәсіби біліктіліктерін арттырып, халық игілігі жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
✅ Мерекелік жиында мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызы кеңінен айтылып, халыққа сапалы қызмет көрсету, заңдылықты сақтау, адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
📌 Ант қабылдау рәсімі жас мамандардың мемлекеттік қызметтегі алғашқы маңызды қадамдарының бірі ретінде өтіп, олардың Отан мен халық алдындағы жауапкершілігін айқындай түсті.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі 



