🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов азаматтарды жеке қабылдау аясында тау бөктерінде орналасқан Жоғарғы Қасқасу ауылынан келген тұрғынды қабылдады.
✅ Қабылдау барысында ауыл тұрғыны тұрғын үйге арналған жер теліміне қатысты туындаған түсінбеушіліктерді айтып, мәселені заң талаптарына сәйкес шешуге ықпал етуді сұрады.
🔹 Аудан әкімі тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, мәселенің мән-жайын жан-жақты зерделеу үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, өтініштің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын және оның орындалуы бақылауда болатынын атап өтті.
📌 Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелерді заң аясында шешуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Осы бағыттағы қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі 


