🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің шұғыл тапсырмасына сәйкес, «Таза су айдындары» республикалық экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
✅ Экологиялық іс-шара барысында Қасқасу ауылдық округі аумағындағы Сайрам суы мен Қасқасу өзендерінің жағалауларында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, өзен жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, сынған ағаштар жиналды, сондай-ақ заңсыз орналастырылған жарнамалық құрылымдар алынды.
Сенбілікке ауылдық округ тұрғындары,мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және табиғи аумақтардың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
🌿 Қоршаған ортаны қорғау, су айдындарының тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
📌 Төлеби аудандық әкімдігі аудан тұрғындарын табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және осындай экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin