🇰🇿 Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолдау көрсету мақсатында Төлеби ауданында «Құқықтық дәріхана» атты кең ауқымды құқықтық кеңес беру акциясы ұйымдастырылды.
✅ Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету, заңнама талаптарын кеңінен түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру.
✅ Акция барысында прокуратура, полиция, әділет, мемлекеттік кірістер басқармасы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларының, сондай-ақ өзге де мемлекеттік мекемелердің өкілдері аудан тұрғындарын жеке қабылдап, құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты кеңес берді.
✅ Қабылдау барысында азаматтар жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік, салық салу, еңбек құқықтары, тұрғын үй, отбасы құқығы және өзге де өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойып, заң талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер мен тиісті бағыт-бағдар алды.
✅ Шараға аудан әкімі аппаратының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл Амалбек Өміртай, аудан прокуратурасының прокуроры Алмас Әбдіраман, аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция майоры Ерболат Бейсембаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен сала мамандары қатысты.
✅ Ашық форматта өткен қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді жауапты тұлғаларға тікелей жеткізіп, құқықтық тұрғыдан нақты кеңестер алды. Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтып, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашық диалогты дамытуға, сондай-ақ қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға ықпал етеді.
📌 Айта кетейік, «Құқықтық дәріхана» акциясы ауданның бірнеше елді мекенінде ұйымдастырылып, құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin