Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🇰🇿 Астана – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің мақтанышы, ел бірлігі мен жасампаздықтың жарқын символы. Бас қаламыздың қарқынды дамуы – Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің айқын көрінісі.
✅ Бүгінде елордамыз заманауи келбетімен, сәулетті ғимараттарымен, маңызды бастамаларымен және халықаралық беделімен еліміздің мерейін асқақтатып келеді.
⚜️ Баршаңызды Отанымыздың өркендеуі жолында бірлесе еңбек етіп, Президентіміз айқындаған «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын қолдауға шақырамын.
Осынау айтулы мерекеде әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, мол ырыс тілеймін! Еліміз тыныш, бірлігіміз бекем, Астанамыздың абыройы асқақтай берсін!
Ізгі тілекпен,
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов.
