🇰🇿 Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданында «Қоқыссыз болашақ» атты ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.
✅ Тазалық шарасына аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктері, еріктілер, белсенді жастар және аудан тұрғындары белсене қатысты.
✅ Сенбілік барысында Киелітас, Алатау ауылдық округтері мен Ленгір қаласының аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Қасқасу ауылдық округіндегі «Сайрам Су» және «Eco Village» демалыс аймақтары мен өзен жағалауларында кең көлемді тазалық жұмыстары атқарылды.
🌿 Қатысушылар өзен арналары мен жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қураған ағаш бұтақтарын кесіп, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Арнайы техника жұмылдырылып, жиналған қоқыс арнайы белгіленген орындарға шығарылды.
✅ Аталған экологиялық акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
✅ Төлеби ауданында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin