Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ветеринария саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🇰🇿 Ветеринария – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, мал шаруашылығын дамытуға және қоғамдық денсаулықты сақтауға өлшеусіз үлес қосатын маңызды сала. Бұл бағыттағы әрбір маманның еңбегі – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатының кепілі.
✅ Төлеби ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мал ауруларының алдын алу және эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары ветеринария мамандарының кәсібилігі мен табанды еңбегінің нәтижесі.
Сіздерге ел игілігі жолындағы адал қызметтеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
⚜️ Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын!
Ізгі тілекпен,
Төлеби ауданының әкімі
Еркеғали Әлімқұлов
